Новости

!

14.12.2019г. День Независимости

В преддверии государственного праздника «День Независимости Казахстан» в Детском реабилитационном центре «Аяла» были

организованы мероприятия и конкурсы для детей и родителей, находящихся на реабилитации.

!

17.08.2020ж. Орталық өз жұмысын жалғастырады

2020 жылдың 17-ші тамызынан бастап «Аяла»  балаларды оңалту орталығы  өз жұмысын  жалғастырады. Балалар өз денсаулығын- тәулік  бойы  жұмыс жасайтын ауруханалық бөлімшеде  және  күндізгі амбулаториялық  түрде  оңалтып, сауықтыра алады. Орталықта төмендегідей  оңалту-сауықтыру шаралары  жасалады: тұзды шахта, массаж, физио ем түрлері, парафинмен  емдеу, емдік дене шынықтыру және бассейнде жүзу. Келушілерден бетперде  тағу талап етіледі. Орталықта санитарлық-эпидмиологиялық сақтық шаралары қатаң орындалады.

«Аяла» БОО жолдама  жөніндегі ақпаратты  тұрақты мекен жай бойынша тіркелген  емханадан алуға болады.

Детский  реабилитационный  центр  «Аяла» возобновляют свою работу  с 17 августа 2020 года. Центр будут принимать  детей в круглосуточный  стационар, а так же на амбулаторную реабилитацию. Пациентам предлагаются следующие виды реабилитации: массаж,  физиотерапия, парафинолечение, солянная шахта, ЛФК и бассейн.

 К сведению постетителей: необходимо иметь средств индивидуальной защиты (маски). В центре строго соблюдаются все предписанные меры санитарной-эпидемиологической безопасности. 

Дополнительную  информацию  по направлению и  оформлению в РЦ «Аяла» вы можете  получать в  поликлинике  по месту жительства.

!

05.10.2020ж. Қазандағы қауышу

«Аяла»  орталығының   ұжымы  қазан  айын  қарбалас қауышымен бастады. Яғни, 5 қазан күні,  біздің орталықтың  стационар бөліміне 35 бала қабылданды.  Ал, амбулаторлық   ем-дом алуға  60-тан астам балалар келді. Атап өтерлігі,  осы  жолы  «Аялада»  Байғанин,   Ойыл,  Ырғыз, Шалқар  сияқты  шалғай  аудандардан  келген балалар  көп. Сонымен қатар Темір,  Алға,  Мұғалжар, Мәртөк  аудандарының да «кішкентай»   тұрғындары   өздерінің өмір  сапасын  арттыруға  келді.

Біртіндеп біздің қызмет көрсететін географиямыз да ұлғайып келеді, мысалы, осы жолы  Атырау, Маңғыстау және Қызылорда  облыстарының   балаларының да саны артты.

0-14 жас аралығындағы кішкентай  пациенттеріміздің  күш-қуаты мен  денсаулығының  артуы үшін  орталықтың  медико-педагогикалық  ұжымы  бар мүмкіндікті  тиімді   пайдалануда.

!

05.10.2020ж. Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын — ҰСТАЗДІКІ!

(Мағжан Жұмабаев)

Құрметті «Аяла» балаларды оңалту орталығының педагог кадрлері!
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын. Кішкентай пациенттеріңіздің жүрегіне шуақ шашып, олардың өмір сапасын арттыруда шыдам мен қажыр, қайрат, төзім мен түсіну серік болсын!!!

Сонымен қатар Денсаулық Сақтау Басқармасының басшысының Алғыс хатына ие болған әріптестеріміз:
1. Алтынай Мұратқызы
2. Фатима Сақыпкерейқызы
3. Дана Картмағанбетқызы
еңбектегі табыстарының жергілікті билік тарапынан жоғары бағалануымен шын жүректен құттықтаймыз.

«Аяла» балаларды оңалту орталығы әкімшілігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымының Алғыс хатын иеленген төмендегі әріптестерімізді де қызу құттықтаймыз:
1. Айгүл Құсанқызы
2. Алтынай Қайратқызы
3. Мерует Миронқызы
4. Жаңылсын Елубайқызы
5. Сара Ниязқызы

«Аяла» орталығында педагог кадрлердің кәсіби мерекесі қарсаңында, яғни, 02.10.2020ж. салтанатты мерекелік іс шара ұйымдастырылды. Ұжымның дәрігер-мейірбикелері өздерінің әріптестеріне әсерлі де мазмұнды, әрі тартымды кеш тарту етті. Мерекенің ресми бөлімінде орталықтың бас дәрігері Г.Мамбетжанова мен кәсіподақ ұйымының төрайымы Ф. Иманғазиева Алғыс хаттарды табыс етті. Содан соң бағдарлама бойынша мұғалім мамандығы жайында өлеңдер оқылып, әндер шықралды, түрлі викториналық сұрақтар қойылды.

Мұғалімдер өмірінен әсерлі сәттер мен есте қалар естеліктер айтылды. Сөйтіп, бұл күні біздің орталықтағы медик- әріптестер педагог- әріптестеріне құрмет көрсетті, мерекелік көтеріңкі көңіл күй тарту етті.

!

08.10.2020ж. Құрметті  «Алақай»   қуыршақ   театрының  ұжымы!

Театр ұжымының, бүгін, яғни, 08.10.2020ж. күні «Аяла» балаларды оңалту  орталығындағы  емделуші  балалардың   алдында   көрсеткен өнері, қойылымдары, көрермендермен  өткізген  викториналық  сұрақтары мен ойындары  көңілден шықты. Байғанин, Ойыл, Шалқар, Ырғыз сияқты шалғай аудандар  мен  Атырау, Маңғыстау және Қызылорда  облыстарынан  келген балапандар да  театр артистерінің  өнеріне  қуана  қол соқты.  Өнерпаздар  қойылым  барысында  қазіргі уақыт талап етіп  отырған- бет перде тағу, қолды сабындап  жиі жуу  сияқты   санитарлық  талаптарды да жиі  еске салып  отырды. Бізді  театр  ұжымының  өздерінің  ұсыныс  тастап,  балаларға қойылым көрсету  жөніндегі  ықыласы  ерекше қуантты.Емделуші  кішкентай пациенттеріміздің, олардың  ата-аналарының және әкімшілік  атынан  зор Алғыс айта отырып,  театр  ұжымына  шығармашылық  табыс, бәйгелерде   жүлделі орын, көрермендер ілтипатын тілейміз.

Сіздерге  мың  алғыс!!!

Құрметпен   «Аяла»  балаларды оңалту орталығының  әкімшілігі  08.10.2020ж.

!

13.10.2020г. Жас көшеттер отырғызылды

«Аяла»  балаларды оңалту  орталығының  ұжымы  өз төңірегін, ауласы мен шағын саябағын көгалдандыруды қолға алды.

Жұмыстан бос уақыттарын  жас көшетпен толықтыруға асыққан дәрігерлер мен мұғалім-нұсқаушылар қауымы экологиялық  акция  аясында 110 түп ағаш екті.

Айта кету керек, бұл көшеттер Қарабұтақ орман шаруашылығы  әкімшілігі тарапынан жасалған  жеңілдікпен  сатып алынған.

  «Аяла»  орталығының  ұжымы  80 түп терек және 30 түп шаған көшеттерін біршама жеңіл бағамен ұсынған  бұл шаруашылыққа өте разы. Атадан мал қалғанша, тал қалсын демекші, адам  ғұмырындағы ең үлкен істердің бірі осы — тал егу. Себебі, бұл – біздің болашақ ұрпаққа, өзімізге және Табиғат анаға жасаған үлкен сыйымыз.

!

15.10.2020ж. Шын жүректен…

Бүгін, яғни, 15.10.2020 ж.   «Аяла»  балаларды  оңалту  орталығының  әкімшілігі мен кәсіподақ  ұйымы  дефектолог-логопед    Фатима  Сақыпкерейқызы  Битуринаны  мерейлі  де мерекелі  50-жасымен  құттықтады.

Бұл  орталықта   әріптестердің  төл  қуанышымен  бөлісу  жақсы  дәстүрге айналған. Әсіресе, ерекше  аталып  өтілетін  даталарға  көп көңіл бөлінеді. Бүгін де , сол дәстүр бойынша  әріптестері  Фатима Сақыпкерейқызының қуанышына ортақтаса отырып,  оған  мықты  денсаулық,  жемісті еңбек, отбасы  қуанышы мен туыстық береке-бірлік тіледі.

Осы  ұйымшыл  ұжымда   өзінің  еңбекқорлығымен,  табандылығымен, талапшылдығымен  ерекшеленетін  Фатима  Сақыпкерейқызының  үлкенге ізет, кішіге құрмет таныта алатын кішіпейіл де қарапайым мінезі де көпке үлгі! Логопед-педагог  ретіндегі  еңбегіңізге  шынайы  шыдамдылық  пен  төзімділік  тілеген  ұжымдастары  оған   гүл шоғын  тарту етіп,  Алғыс  хатпен марапаттады. Әрдайым  мерейіңіз үстем болсын!

!

19.10.2020ж. Сәтті сапар және қош келдіңіздер!!!

19 қазан күні  «Аяла»  балаларды оңалту орталығының   ұжымы ем-дом алып, тынығып шыққан бір топ баланы шығарып салды. Байғанин, Ойыл, Шалқар, Ырғыз сияқты шалғай аудандар  мен  Атырау, Маңғыстау және Қызылорда  облыстарынан  келген балапандар 14 күн бойы  түрлі ем-шара  қабылдап, оңалту жаттығуларымен шынықты. Осы  аралықта  бүлдіршіндер  «Алақай»  қуыршақ театрының да өнерін тамашалады. Күн сайын  орталықтың  фойесінде  кондуктивтік сабақта  әсем әуеннің ырғағымен ойын  ойнап, бір-бірімен жақын танысып  шүйіркелесіп  кеткен  бөбектер мен олардың ата-анасы қимай қоштасты. Оның айғағы  Аманжол Дарияның  анасы қалдырған Алғыс хат. Қазан айының 5 мен 19 аралығында 69 бала  стационарлық, 69 бала амбулаториялық ем алды. Ал,  осы аралықта  күндізгі стационарда оңалту ем-домын қабылдаған бала саны-24.

Ал, орталық  ұжымы болса  өз отбасына жол тартқан  балақайларға сәтті сапар тілеп, жаңадан келетін бүлдіршіндерге «Қош келдіңіздер!»-дейді.

Ертең, яғни, 21.10.2020 ж.  «Аяла»  балаларды оңалту орталығы оларды қарсы алуға дайын.   

!

22.10.2020ж. Қош келдіңдер, балақайлар!!!

«Аяла»  орталығы  тағы  да  баланың  тәтті  үніне  толды, кезекті  қарбалас басталды. Қазан  айының 22-нен бастап, орталық  ұжымы  стационар бөлімге  33,  амбулаторлық   ем-дом алуға  66- баланы  қабылдап алып, жспарлы  ем-шараларды бастап та кетті. Күндізгі стационарға-25 бала қатынап жүр. Бүгінде  «Аяла»  орталығында,ы ем алушы «кішкентай пациенттер»   облыстың  барлық  аудандарынан  келген. Соңғы уақытта Байғанин,   Ойыл,  Ырғыз, Шалқар, Әйтеке би сияқты  шалғай  аудандардан  келетін балалардың саны көбейді. Көршілес  Атырау облысынан да келген бөбектер бар, бұл біздің  орталықтың  республикамыздың  батыс аймағындағы оңалту ісіндегі  жетекші  ролін нығайта түседі. Тағы бір атап өтерлігі, көптеген балалар осымен 2-3-ші рет  емделуге келген. Олардың және ата-аналарының  айтуынша, біздің орталықтың ем-домы, тұрмысы мен атқарылған   медициналық  қызмет түрлері  олардың көңілінен шыққан.

!

12.11.2020ж. Күз күндері көңілді!

  «Аяла»  оңалту  орталығының  кішкентай  пациенттері Китбаева  Аяна, Қуантқан  Әлихан,  Наташа  және  Даша  Зиновьевалар, Шамиғолла  Нұрәлі,  Тамағамбетова  Венера т.б. балалар  үйлеріне   Алғыс   хат алып, қуанып қайтатын  болды.

Олар  «Күз  сыйы»  атты  іс-шарада  қолөнерінің  шебері атанып,  өздері  кескіндеген  кірпінің инесіне   күзде пісетін  жеміс-жидектер мен көкөністерді  қадап,  содан соң  ата-аналарымен  бірге   дәмді  күздік салат  жасады.

Бөбектерінің  рухани  жетілуіне  тілектес болған  Л.Жармағамбетова,  Т.Зиновьева,  Б.Құлниязов  сияқты  ата-аналар  да бұл шараға  аса белсенді араласты.  Балалардың   жыл  мезгілдері  туралы  дүние  танымын  кеңейтуге  және  ата-аналардың  құзыреттілігін  арттыруға арналған  мерекелік  кештің  ұйымдастырушылары  оларға да  Марапаттау   қағазын  табыстады.

Жақсымұратов  Махамбеттің  анасына ерекше белсенділік  танытқаны  үшін  үлкен рахмет айтамыз-дейді  А.Байдушева, А.Такенова сияқты  орталықтың  логопед-педагог  мамандары.  Олардың өздері  де  мерекелік  кешті  тақырыпқа  сай әсем  безендіріп,  күзге лайықты костьюмдер  киініп  көркем де көрікті, мағыналы да   мазмұнды көңілді кеш ұйымдастырды. Сөйтіп,  балалар да, ата-аналар да  «Аяла»  орталығында  күздің тағы  бір күнін  көтеріңікі  көңіл, шат күлкімен   өткізді.

!

01.12.2020ж. Тұңғыш Президент күні

Құрметті  әріптестер!

 1 желтоқсан – Елбасы күні  құтты болсын. Өзіндік сара жолы, сындарлы саясаты бар  егеменді еліміздің Тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны ерекше.

Елбасы есімі Егемендік, Тәуелсіздік, Қазақстан, Отан, Бірлік сияқты ұғымдармен қатар айтылады. Елбасы – татулығымыздың, береке — бірлігіміздің, тұрақтылығымыздың кепілі. Тұңғыш Президентіміздің еңбек жолы — жас қазақстандықтар үшін үлгі мен тағылымның мектебі. Ел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер табысты болып, еліміз, елін сүйген, ел қамқоры азаматтарымыз аман болсын! Баршаларыңызға табыс, сәттілік, сәулелі ғұмыр тілейміз. Мерекелік  ілтипатпен «Аяла» БОО әкімшілігі  мен  кәсіподақ ұйымы

!

01.12.2020ж. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!

Бүгін  «Аяла» орталығында тәуелсіз  Қазақстанның  Тұңғыш Президенті –Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевтың  құрметіне арналған  салтанатты жиын болып өтті.

Елбасының егемендіктің елең-алаң жылдарында мемлекеттің  тәуелсіздігі жолындағы зор еңбегі ерекше аталып өтілді. Әсіресе, денсаулық сақтау саласындағы түбегейлі өзгерістер мен жаңартылу  ел-халықтың көз алдында.

Соның бір айғағы-«Аяла» балаларды оңалту орталығы. Бүгінгі  санитарлық талап  қатаң сақталып  өткізілген салтанатты жиында бала денсаулығы күзетінде айрықша еңбегі  сіңген  орталықтың  бір топ мамандары  орталық  әкімшілігі мен  кәсіподақ ұйымының  Алғыс хатымен марапатталды.

Олардың  қатарында Д.М.Жұбанышева, Н.С.Жакенов, Г.Б.Ержепова, Ғ.О.Кайсанова, А.А.Есенбекова, Г.Ж.Бисенова сияқты ата-аналар мен  балалардың ықыласына бөленген әріптестеріміз бар.

Сонымен қатар  туылған күні осы мерекемен тұспа-тұс келген  Р.Б.Тайкеноваға да Мақтау қағазы мен гүл ошғы табыс етілді. Баршаңызға мереке де, марапат  та құтты болсын!!!

!

01.12.2020ж. Қос мереке, қос қуаныш!

Бүгін  «Аяла»  орталығының  кішкентай пациенттері Ғалымжан Шахназар, Ильяс Дарибаев, Зару Бексұлтан сияқты балалар екі мерекені қатар атап өтті.

Орталық әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы мұрындық болып  1 желтоқсан Тұңғыш Президент  күні қарсаңында туған күнін қоса тойлайтын бұл балаларға қызықты тақырыптық кеш ұйымдастырды. Бағдарлама  бойынша  балалар  әнұранды  жатқа айтып,  «Қара жорға» ұлттық биін билеп өнер жарыстырды.

!

Ерекше көзге түскен балаларға мерекелік сый-сияпат тарту етілді. Балаларының  жеке  мейрамына  мән беріп, оны осындай ұлы  күнмен  біріктіре  атап өтіп,    мерекелік  көтеріңкі көңіл күй сыйлаған  орталық  ұжымына  Ж.Н.Аққасова, А.М.Қойшығұлова Ильяс сияқты ата-аналар шын ризашылықтарын білдірді.

!

04.12.2020ж. Рақмет, саған «Аяла»!!!

Өздерінің   жүрекжарды жылы лебізін білдірген бір топ ата-аналар мен бүлдіршіндер  «Аяла»  балаларды  оңалту   орталығының   ұжымына осылай дейді. 2020  жылдың  қараша  айының  20 мен желтоқсан айының 4-ші жұлдызы  аралығында  орталықта  165  бала 

оңалту   ем-шарасын қабылдады. Олардың  ішінде -65 бала стационарлық,  110 бала  амбулаториялық  жағдайда  оңалту  курсынан өтті. Орталық  ұжымы  санитарлық-эпидемиологиялық  талаптарды қатаң басшылыққа  ала отырып  Темір, Шалқар, Әйтеке  би, Мұғалжар, Мәртөк, Ойыл, Ырғыз, Хобда  және   Ембі 

аудандарынан  келген  «кішкентай»  пациенттерге  толық   қолайлы жағдай жасады. «Аяла»  орталығына  осы жолы да  Маңғыстау, Қызылорда,  Батыс-Қазақстан және Атырау  облыстарынан  келген  балалар   үйлеріне  риза болып   аттанды.

!

07.12.2020ж. Қош келдің, балақай!

Бүгін  «Аяла»  балаларды  оңалту  орталығында  жаңадан  келген  бір топ бүлдіршін  ем-дом алуды бастады. Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен өзіміздің  барлық  аудандардан келген  90-ға жуық  балаға  кәсіби біліктілігі жоғары дәрігерлер мен педагогикалық мамандар қызмет көрсетеді. Қабылдау әлі  де  жалғасады.  Кішкентай пациенттерге  арналып тәрбиелік  мәні бар іс-шаралар да ұйымдастырылатын болады. Себебі, алда 16-желтоқсан Тәуелсіздік  мейрамы. Ал, содан соң балалардың  асыға күтетін  сүйікті мерекесі-Жаңа жыл. Орталық ұжымы тек мерекелерді  ғана емес, сондай-ақ, емделуге келген уақыты туған күнімен тұспа-тұс келген балаларды да жиі құттықтайды.

!

12.12.2020ж. Алақай, театр келді!

 «Аяла»  орталығындағы  балалар үшін  мерекелік іс-шаралар жалғасуда. Бүгін, мұнда «Алақай»  қуыршақ  театры  «Ғажайып  қолшатыр» (авторы М.Логинов) атты  қойылым  көрсетті. Орталық әкімшілігі санитарлық эпидемиологиялық  тәртіпті  қатаң  ұстана отырып, көрермен-балаларды  екі топқа бөлді. Салтанат  залының  30%-н құрайтындай етіп, әр топқа 15-баладан біріктірілді.

Осылайша, қолайлы жағдай жасала тұрып, қойылым 2 кезеңмен ұйымдастырылды.  Осы  жылы 35 жылдығын атап өткен өнер ордасы  «35 қайырымдылық іс»   атты  акция шеңберінде  спектакль көрсетіп қана қоймай, балаларға базаралық та алып келіпті.

Қойылымды  тамашалап  болған  соң   осы  қойылымда рольдерді орындаған  Ә.Қанатұлы, Д.Ырысов, Ж.Дәулеткерей  сияқты  театр  актерлері  «Алақай-35 жыл» атты  мерекелік  медальді  әр  балаға өз қолдарымен тарту етті.  Сөйтіп, «Аяланың»  кішкентай  пациенттері еліміздің  егемендік мейрамын ерекше көтеріңкі көңіл күймен қарсылады.  Қойылым соңынан бас дәрігердің  орынбасары  Г.Т.Жапақова  халықаралық  қуыршақ  театрлары фестивалінің  бірнеше  дүркін  лауреаты,  облыстық «Алақай»  қуыршақ театры  ұжымына  алғыс айтып, шығармашылық  табыс тіледі.

«Аяла»  балаларды оңалту орталығы мен «Алақай»  қуыршақ  театры  арасындағы тығыз әріптестік  байланыстың  нәтижесінде  театр ұжымы осымен екінші рет  қайырымдылық  қойылымын көрсетті. «Бұл әріптестік  әрмен  қарай да жалғаса береді»-дейді екі ұжымының әкімшіліктері.

!

14.12.2020ж. Құттықтау

Құрметті әріптестер!!!

Еліміздің егемендік мерекесі құтты болсын. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз  тәуелсіздігін алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды.

Өркениет көшіне ілескен еліміздің  денсаулық сақтау  саласы да қарыштап дамыды, тәуелсіздік жылдарында  халық денсаулығы үшін зор мүмкіндіктер жасалды. Саланың кадрдлық потенциалы артып, материалдық базасы әлемдік державалардың деңгейінде инновациялық технологиямен жабдықталды. Отандық дәрігерлер  өз тәжірибесін дүние жүзіне насихаттауда. Бұл тәуелсіздіктің жемісі  мен жеңісі! Ел егемендігі мәңгілік болсын.

Барша бастама-талпыныстарымыз жемісті болып, туған Жеріміз, Еліміз – Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін! Әр отбасына татулық пен ырыс-береке, Отанымыздың игілігі мен жарқын болашағы жолында жаңа табыстар тілейміз.

«Аяла» балаларды оңалту орталығының әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы

!

16.12.2020ж. Тәуелсіздік-тәу  етер  жалғыз  киең!

Еліміздің  егемендік мейрамын  «Аяла»  балаларды оңалту  орталығының  ұжымы   да  көтеріңкі  көңіл күймен   қарсы алды.  Санитарлық  талап нормаларын  сақтай  отырып,  шағын  салтанатқа  жиналған  ұжым мүшелерін  бас дәрігер Г. Ш.Мамбетжанова  құттықтап, тәуелсіздік  жылдарындағы  тарихы сәттерге қысқаша  шолу жасады.

Содан соң  орталық  қызметінің оң имиджін қалыптастыруда  сүбелі үлес қосып жүрген бір топ маман-қызметкерлерге  облыстық денсаулық сақтау басқармасының, «SENIM»  салалық   кәсіподақ  ұйымының  және  «Аяла»  орталығының   «Алғыс хаттары»  табыс етілді.

Марапатталған  әріптестерді  шын жүректен  құттықтаймыз:

  1. Курмангазина Г.Е.
  2. Уркинбаева Г. И.
  3. Калиева Ж.Б.
  4. Махмудов  П.Н. 
  5. Нугманова М.Г.
  6. Ешмагамбетова  Ж.С.
  7. Жантлеуова А.Ә.
  8. Ержанова  Г.С.

!

16.12.2020ж. Көк тудың желбірегені!!!

Бүгін  «Аяла»  балалар  орталығындағы  «кішкентай  пациенттер»  сый-сияпатқа  кенелді.  Тәуелсіздік  күні  қарсаңында  орталық  ұжымы  балаларға   арнап  шағын  мерекелік  кеш  ұйымдастырды. 

Барлық   санитарлық-эпидемиологиялық  талаптарды  қатаң   ұстанған  балалар да, медико-педагогикалық  ұжым  мүшелері  де  Қазақстан   республикасы  егемендігінің –жарқын  көрінісі  денсаулық  сақтау саласындағы  жаңғыру  мен жаңару деп  атап  көрсетті.

Соның  айқын дәлелі-   заманауи  инновациялық  технологияға  негізделген  «Аяла»  балаларды оңалту орталығы. Бала  денсаулығы  күзетіндегі  ұжымының   атқарған  жұмысына  көңілі  толған    ата-аналар кеш барысында өздерінің ризашылықтарын білдіріп, мерекелік құттықтауларын  арнады.

Тәуелсіздік  туралы   ән салып,  тақпақ оқып, қазақ  халқының   ұлттық   биі «Қаражорға»  әуеніне мың бұрала  билеген  балалар да, ата-аналар да, орталықтың  дәрігерлері  де  ерекше  мерекелік  көңіл күйді  сезінді.

!

26.12.2020ж. Жас өреннің өнегесі!  

Ақтөбе қаласындағы №63 мектептің 11 және 7 сынып оқушылары  (Қуат Нұркенннің  ұл-қызы)  Нұрмухамбет  пен  Нұрия өздерінің кішкентай бауырлары  Аян қыркүйек  айында  «Аяла» орталығында  емделіп шыққан соң, отбасының  атынан  ризашылық  танытуды қайырымдылық акциясы  арқылы білдіруге шешім қабылдайды.

Сөйтіп, 3 ай бойы екі жас өрен 25 түрлі ойыншықты тоқып, тігіп, көркем безендіріп шықты да, 29 желтоқсан (2020ж)  күні, тура, Жаңа  жыл тұсында (29.12.2020ж.) орталықта емделуші бөбектерге  әкеліп табыс етті. Түрлі-түсті, көз тартар  мұндай ойыншықты  еш дүкеннен таппайсыз! Ерекше жүрек жылуымен  тоқылған  әр ойыншық бір көргеннен  кез келген баланың  көз айымына  айналады! 

Жеткіншектердің еңбекқорлығы мен өнегелі  тәрбиесі  көпке  үлгі-дейді «Аяла» орталығының  ұжымы  оларға  шын көңілден  ата-аналар  мен  пациенттер атынан алғыс айта отырып. Ағайынды  Нұрмухамбет  пен  Нұрияның қолынан шыққан қуыршықтар «Аяла» балаларды оңалту  орталығындағы емделуші балалар үшін  ерекше сый болды.

!

29.12.2020ж. Алақай! Жаңа жыл келді!!!

«Аяла»  балаларды  оңалту   орталығының  ұжымы  Ақтөбе қаласындағы «Добро»  еріктілер  қоғамына  аса ризашылық  білдіреді. Жаңа  жылдың  қарсаңында орталықтың  стационарлық  ем-дом алушы «кішкентай  пациенттері»  алғашқылардың бірі болып Аяз Ата мен Қарша қыздың  қолынан  сыйлық алды. Арнайы  медициналық тексерістен  өткен, қолында  ПЦР тестісі «қарсылықты» деген анықтамасы бар Аяз Ата  мен  Қарша  қыз  (еріктілер қоғамының мүшелері) балалардың  жаңа жылдық  тақпақ, өлеңін тыңдап болған соң  оларға  арнайы әкелген  тәтті толы қораптарды  сыйға тартты.

Жаңа жыл тұсында, яғни, 28.12.2020ж. стационардағы 15 балаға  мерекелік көтеріңкі  көңіл  күй  тарту еткен қызықты да көркем іс шараны қайырымдылық акциясы арқылы атқарған  «Добро» еріктілер  қоғамының  мүшелеріне  «Аяла»  орталығының   әкімшілігі мен  кәсіподақ ұйымы  рахмет айтып, жақсылық  жасаудағы ниеттеріне тілектестік білдірді.

!

29.12.2020ж. Жыл  аталымы-2020!

29 желтоқсан күні (2020 жылы)  «Аяла»  балаларды оңалту орталығының  ұжымы 2020 жылды қорытындылады.

Санитарлық талап нормаларын  қатаң  ұстана  отырып  ұйымдастырылған  іс-шарада орталықтың  бас дәрігері  Г.Ш.Мамбетжанова  атқарылған  жұмыстарға қысқаша тоқталып, алда тұрған міндеттерді атап өтіп, жаңа жылда  ұжымдастарға  табыс тіледі.

Одан кейін сөз алған аға буын өкілдері І.Е.Тажгулова, А.Қ.Отарбаева, А.А.Кощанова сияқты мамандар  жиналғандарға өз  құттықтауларын жеткізді. Салтанатты шағын жиын «Жыл аталымы-2020»  тақырыбы  бойынша  2020  жылды қорытындылаумен  жалғасты.

Алғашқылардың бірі болып, Такенова   Ақжайық   Инербаевна  «Ең үздік іс-шара-2020»  номинациясы бойынша  балаларға  арналған «Алтын күз» тәрбие сағатын мазмұнды да көркем ұйымдастырып  өткізгені  үшін марапатталды.  Утарбаева Айгуль Кусановна, Жалғасбаева  Айткүл  Ашимбайқызы,  Жакенов Нурлан Сейилханович, Қапанова  Қаламқас  Ибрагимқызы  сияқты  мамандар балаларға  сапалы  қызмет көрсетіп, ата-аналардың  ерекше  ықыласына  бөленгені үшін «Ата-аналар  ықыласы-2020»  номинациясы  бойынша жеңімпаз деп танылды.

    Ал, «Шаруашылық жұмыс белсендісі-2020»  номинациясы бойынша   Махатов Даурен  Қабисұлтанұлы Алпысбаев Мирагалам Медеубаевич, Сагындыкова  Жанна Жаксылыковна қоғамдық-шаруашылық жұмыстарда  ерекше  белсенділік  танытқаны үшін  марапатталды.

Жаңа жылдық  кабинет безендіру  бойынша  «жабық»  байқауда «Ең креативті кабинет» №14 (логопедия), «Инабатты кабинет» №4 (эрготерапия), «Ең көңілді кабинет»№18 (монтессори), «Ең тәтті кабинет»№22 (асхана) аталымдары  бойынша да жеңімпаз атанған жұмыс кабинетінің мамандарына ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Барша ұжым мүшелеріне мереке алдында  ерекше көтеріңікі көңіл күй тарту еткен орталық әкімшілігі  ресми жария еткен жағымды жаңалық- ақшалай сый ақы беру  туралы  ресми  хабар  болды.

Осылайша, медицина  саласы  үшін мейілінше күрделі, сынақты болған 2020 жылды  қорытындылаған «Аяла» орталығының  ұжымы ағы мол-2021 жылы сиыр жылында да осы шыққан биігінен аласармай, бала  денсаулығы  күзетіндегі  қызметте  бұдан да биік межені бағындыруды өздеріне бір ауыздан  міндет етті.

!

14.01.2021ж. Кәсіподақ ұйымының есеп  беру-сайлау жиыны

«Аяла»  балаларды  оңалту  орталығының  ұжымында  14 қаңтар күні  (2021ж)  кәсіподақ  ұйымының  есеп беру  және  сайлау жиыны   өтті.  «COVID-19» қатері  толастамай тұрғандығын басты назарға алған ұжым мүшелері  бұл бас қосуды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң ұстана отырып ұйымдастырды.

Яғни, есеп беру мен сайлау  процесі  онлайн және офлайн   тәртібінде  қатар  жүргізілді. Кәсіподақтың  106  мүшесінің  нақты  87-і  ашық дауыс беруге белсене  қатысты. Есеп берген бұрынғы кәсіподақтың   жұмысы  көпшілік дауыспен  «қанағаттанарлық»  деп  бағаланды, қазынашы  болған  А.Есенбекованың  қаржылық есеп-қисабы  бір ауыздан  қабылданды.

Кәсіподақтың жаңа құрамын  сайлау шын мәнінде  демократиялық  түрде өтті. Кәсіподақ  ұйымының  мүшелері  болып  орталықтың  педиатр-маманы  Рахымбекова Ж.Р,  тәулік  бойы  стационардың  меңгерушісі -Жұбанышева Д.М.,  дәрігер-психиатр Казыбаева-Кушкимбаева С.Н.  және кинезотерапия бөлімінің маманы  Махатов Д.К. сайланды. Ал, кәсіподақ  ұйымының төраймы болып басым дауысқа ие  болған (59) орталықтың бас  реабилитологы  Капанова Қаламқас Ибрагимқызы сайланды. Талапқа сай ревизиялық  комиссия құрамы да сайланды.

Жиынға  қатысқан  «SEHIM» медицина  қызметкерлерінің  облыстық кәсіподақ ұйымының  өкілі Қазыбаева А.Е. жиналғандардың  сұрақтарына кәсіби  тұрғыда  жауап беріп, жаңа сайланған төрайым  мен жаңа құрам мұшелерін  құттықтап, оларға  қоғамдық  жұмыста  табыс тіледі.